Мы сделали для Вас
удобное приложение
Установить приложение
Перейти на сайт

Казахская народная «Заманым». ТЕКСТ ПЕСНИ

Пой с друзьями
Слова: Казахская народная
Музыка: Народная, Казахская народная
© н/о
℗ CDCom Publishing
Әуел бастаан етiктi 
нәл сақтайды 
Еркiн жүйрiк 
бәйгiде алшақтайды 
Айт дегенде 
өлеңдi айтып салмай 
Ақын жiгiт 
несiне жалтақтайды 

Ахау 
айдай 
Бәйгi атындай 
талпынған 
Заманым-ай 

Әриялар ендеше 
жәриялар 
Жiгiт аттан 
кұласа қыз табалар 
Қырық жыл қырғын 
болса да ажалды өлер 
Аттың басын тарпай 
шап бозбалалар 

Ахау 
айдай 
Бәйгi атындай 
талпынған 
Заманым-ай 

Қара ала үйрек 
ұшады қаңқылдаған 
Сазға қонып 
табаны салқындаған 
Он бес пенен 
отыздың арасында 
Құдай ұрсын 
жiгiттi талпынбаған 

Ахау 
айдай 
Бәйгi атындай 
талпынған 
Заманым-ай 

Сары ала үйрек 
ұшады қаңқылдаған 
Сазға қонып 
табаны салқындаған 
Пысықсыған 
жiгiттер толып жатыр 
Өз басынан 
пайдасы артылмаған 

Ахау 
айдай 
Бәйгi атындай 
талпынған 
Заманым-ай 
Распечатать